Коронавирус пандемиясы жарияланды. Қазақстандықтардың өмірі қалай өзгермек?

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде вице-премьер Ералы Тоғжановтың қатысуымен брифинг өтті.

Ол Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты қабылданатын нақты шаралар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ертеңнен бастап елімізде барлық мәдени, спорт және ғылыми шараларға тыйым салынды. Биыл дәстүрлі Наурыз мейрамы да тойланбайды. Жеңіс күніне арналған әскери шеру де өтпейді.

Қазақстанның барлық мектебінде каникул 16 наурыздан басталып, 5 сәуірге дейін жалғасады. Экскурсия жасауға тыйым салынады.

Ал жоғары оқу орнында білім алушылар 16 наурыздан бастап қашықтықтан білім алуға көшеді. Мектепке дейінгі мекемелер болса, өз жұмысын жалғастыра береді.

Адамдар көп жиылған орындарда және қоғамдық көліктерде міндетті түрді залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Ал қарттар үйі карантинге жабылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттарға баруға тыйым салынды.

Елімізде кинотеатрлар мен театрлар да өз жұмысын уақытша тоқтатпақ. Ал ірі сауда үйлері мен базарлар өз жұмыстарын жалғастыра береді.

Вице-премьер Қазақстанда коронавирус пандемиясы салдарынан азық-түлік жетіспеушілігі болмайтынын айтып, халықты сендіріп отыр.

Одан бөлек, Ералы Тоғжанов той мен туған күндерді, басқа да жанұялық шараларды өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға кеңес берді.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айына жоспарланған ақылы форматтағы ҰБТ кейінге қалдырылғанын мәлімдеді. Әзірге түлектер маусым айында міндетті тестілеуді тапсыра ма, жоқ па - белгісіз.

Бүгінде Қазақстан бірқатар елмен әсіресе Еуропа елдерімен әуе хабарламасын тоқтатты. Рейстер саны аптасына 1-2 -ге дейін қысқарды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, коронавирус пандемиясына сәйкес енгізілген шектеу шаралары қашанға дейін жалғасары белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанда әлемге тараған коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21