«Қоршаған ортаны қорғау: сенбіліктер, рейдтер және «Таза Қазақстан» акциясы»

 

Жыл бойына тұрғындар мен мекеме басшыларының қатысуымен бірнеше мәрте кездесу өткізілді. Округтегі мекемелерде сенбіліктер ұйымдастырылып, аумақтарды тазалау, өскен шөптерді қырқу және қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді.

Учаскелік полиция инспекторы мен округ мамандары 12 тұрғын үйге ескерту қағаздарын таратып, аула тазалығын сақтау жөнінде нұсқаулар берді. Аудандық балық инспекциясының қатысуымен «Таза жағалау» акциясы өткізіліп, Жайық өзені жағалауынан шамамен 3 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы алғанда округтен 32 тонна қоқыс шығарылып, ай сайынғы сенбіліктерге орта есеппен 30–35 адам қатысып отыр. 

Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Индербор кентіндегі көше тазалығы мен тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарын «АГРО СТРОЙ» ЖШС қамтамасыз етеді. Кент аумағында жалпы ауданы 16 гектар болатын қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істейді. Полигон толық қоршалып, тұрақты бақылауға алынған.

 

С.Көшеков

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT