banner_damu

Көршілес Құрманғазы ауданынан Исатай ауданына 5000 гектар шабындық жер бөлініп берілді (+ВИДЕО)

Құрманғазы ауданы мақаттықтар мен жылыойлықтарға шөп, исатайлықтарға шабындық жер берді.

Биыл Құрманғазы ауданы қысқы науқанға дайындықты ерте бастады. Ауданның белсенді азаматтары бірігіп, Мақат пен Жылыой аудандарына тегін мал азығын жөнелтуде, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кеткен жөн, Құрманғазы ауданы қайырымдылық бағытта барлығы 1000 орама шөп дайындап қойған болатын. Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин мұндай батыл бастамаға аудан жұртшылығы дән риза екенін жеткізді.

01ddb594-f52e-481f-95f7-61701f8930ee

– Барлығы бес вагон орама шөп Мақатқа келіп түсті. Әр вагонда 50 орама шөп бар. Бұл аудан шаруагерлері үшін едәуір зор көмек. Өйткені, биыл ауданда жем-шөп жағынан үлкен тапшылық байқалуда. Қалай десек те, ауданның көптеген аумағы шөлді және сорлы болып келеді. Сондықтан шабындық жерлер де бұрынғыдан анағұрлым азайды. Бұған дейін дәл осындай көмекті Қызылқоға ауданынан қабылдаған едік. Енді игі дәстүрді құрманғазылықтар жалғап жатыр, - дейді ол.

87078b7c-7c7c-4aa8-b7ef-eca315299e16

Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халеновтің айтуынша, тиелген шөпті түсіріп, үйлерге таратуда аудан кәсіпкерлері, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары мен ардагерлер өз үлестерін қосуда. Түсірілген шөп жағдайы жоқ отбасыларға таратылып берілмек. Мал өсіріп отырған әр үйге екі орамадан тегін жеткізіледі. Осы орайда, игі бастаманы тегін тасымалмен қамтамасыз етіп отырған облыстық теміржол басшылығының да үлесі зор.

Сондай-ақ, Жылыой ауданының мал өсіріп отырған тұрғындары да мұндай бастама аяқсыз қалмай, жалғасын тапса деген тілектерін айтты. Солардың бірі Орақ Аралбаев отбасын азын-аулақ малмен асырап отырғанын айтады.​

«Рас, қазір адамзат баласының дүниетанымы өзгерді, оған нарық заманы өз өрнектерін салуда. Бірақ, қандай қиындық туса да, атакәсіптен бас тартуға болмайды. Мал бағумен күнелтіп жүрген шаруаларды қолдап жатқан жергілікті басшыларға зор алғыс білдіремін» дейді ол.

Айта кетейік, қазір Құрманғазыдан – Мақатқа 55 тонна, Жылыойға 80 тонна және Маңғыстауға 90 тонна, барлығы 225 тонна жемшөп жіберілуде. Барлығы 19 округтен бір-бір техника мен бес адам жұмылдырылды.

Сондай ақ, Құрманғазы ауданы Исатай ауданына 5000 гектар шабындық жер бөліп берген.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика