Құрманғазы ауданының шекара маңындағы Бөкейхан ауылында заманауи өрт сөндіру депосы ашылды

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық қорғау жүйесін нығайту және өңірлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Атырау облысы Құрманғазы ауданының шекара маңындағы Бөкейхан ауылында №15 жаңа өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Нысанның салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысты.

Шарада сөз сөйлеген өңір басшысы ауылдық жерлердегі өртке қарсы инфрақұрылымды нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

 

 

- Мұндай нысандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асып жатқан реформалар аясында бой көтеріп жатыр. Ауылдық жерлердегі өрт сөндіру деполары заман талабына сай жарақтандырылуда, қызметкерлердің тиімді еңбек етуі мен даярлығына толыққанды жағдай жасалған. Мұның бәрі төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге, кәсіби тұрғыда шыңдалуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осылайша қызмет деңгейін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік береді. Біз сала мамандарының еңбек жағдайы ғана емес, әлеуметтік-тұрмыстық жай-күйі де назарда екенін баса айтқым келеді,-деді С.Шәпкенов.

 

 

Ғимараттың жалпы аумағы — 480 шаршы метр. Өрт сөндіру депосы тез құрастырылатын жоғары сапалы модульді конструкциялардан салынған. Ғимаратта жұмыс аумағы, диспетчерлік, демалыс бөлмелері, оқу сыныбы және ас үй бар. Жабық тұраққа 2 арнайы техника сыяды.

Нысан жергілікті бюджет есебінен салынды. Мердігер мекеме — «Декор» ЖШС. 

Шараға қатысушылар ресми бөлімнен кейін абаттандыруға арналған экологиялық акция аясында жаңа өрт сөндіру бөлімінің аумағына ағаштар отырғызды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT