Құрманғазы ауылы Ж.Нәжімеденов көшесінің тұрғындары аудандық мәслихат депутаты Абуғалиев Игорь Кенжеғалиұлына көше бойындағы еріген қар суын тазалауға көмек сұрап жүгінген болатын.
Халық қалаулысы тұрғындардың өтінішіне бей-жәй қарамай, жедел жауап беріп, арнайы техниканың көмегімен тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.
Жасалған игі іске риза болған тұрғындар депутатқа алғыстарын білдірді.



