Құрманғазы аудандық орталық кітапханасы мен аудандық балалар кітапханасының ұжымы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тал отырғызу бастамасына белсене атсалысты.
Бұл игі іс-шараның басты мақсаты – туған жерді көгалдандыру, экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатты қорғау мен сақтау жөніндегі жауапкершілікті күшейту және жас ұрпаққа қоршаған ортаны аялаудың үлгісін көрсету болды.
Акция барысында кітапхана қызметкерлері мекеме аумағына бірнеше түп сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасып, экологиялық тазалық пен жасыл аймақтарды көбейтуге барша тұрғындарды үндеуге шақырды.
Мұндай шаралар қоршаған ортаны жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және елді мекендердің көркін арттыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.
Бралиева Гулдана

