ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 2025 ЖЫЛДЫ «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ОНДАҒЫ ЕҢ БАСТЫ МАҚСАТ - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА ДЕГЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУҒЫЗУ.
Иә, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» қағидатына сай келеді. Президент бастамасын қолдау мақсатында Елтай ауылдық кітапханасында «Береке мен молшылықтың бастауы – еңбек» атты еңбек адамдарымен кездесу кеші өтті. Мақсаты - жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын таныту арқылы жастарды еңбекқорлыққа баулу, өз мамандықтарына адал болуға үндеу, еңбек адамдарына құрмет көрсету. Кездесу кешіне А.Каукенов Д.Камешов, М.Сиғуатова, А.Амирова, А.Меңдігереева, Т.Сұлтанғалиев, Н.Қабдірешов сынды елге сыйлы еңбек адамдары шақырылды. Шара барысында «Алғыс», «Жылқышы», «Маржан қыз» әндері шырқалып, оқушылар Р.Аймұрат, М.Ғиният М.Мақатаевтың «Егістікте», Сырбай Мәуленовтың «Малшы» және «Малшы ай - тады...» өлеңдерін оқыды. Қонақпен сұхбат бөлімінде еңбек адамдарына бірнеше сұрақ қойылды. Олар өз кезектерінде еңбек жолдары жөнінде әсерлі әңгімелеп берді. Кездесу соңында «Атакәсіп – алтын мұра» атты көрмені А.Нұржанова таныстырып өтті. Кеш қонақтарына алғыс хаттар табыс етілді.
Мархаба НАРИНОВА,
Елтай ауылы кітапханашысы