ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ БАҚЫЛАУДА!

 

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы құрылыс нысандарға партиялық бақылау жасау үшін құрылған бекеттерінің мүшелері жасалынып жатқан «Жайлы мектеп» құрылысында болып жұмыс барысымен танысты.

РТС ауылындағы «Жайлы мектеп» құрылысына 120 адам тартылған. Оның 50-ге жуығы жергілікті тұрғындар екен. Мұнда бас мердігер «Каспий Құрылыс LTD» ЖШС, тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ. Техникалық қадағалаушы «Лидер» ЖШС. Ауласында жылыту қазаны ғимараты бітіп тұр. Жұмыстар кесте бойынша атқарылуда.

Одан бөлек тағы бір ғимарат салынуда.

– Бұл бақылау-өткізу пункті. Біреуінен 1-4 сынып, екіншісінен 5-11 сынып оқушылары ішке өтеді. Алдарында көлік қоятын тұрақ болады. Үш айда біршама жұмыстар атқарылыпты. Қазір су, жылу, кәріз, сантехника, электр жүйелерін тарту, дәліздердің ішкі төбесінің жұмыстары жасалынуда. Үлкен спорт залыда біте келді. Енді мұнда алюмений терезелер орнатылады. Материалдар жеткілікті, -  дейді мердігер мекеменің құрылыс шебері Жеткеншек Ерғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT