Кәсiптiк мамандық мектептенде берiледi

 

Жұмысшы мамандықтарының өкілдері үшін жоғары жалақы кездейсоқтық емес, 2025 жыл ресми түрде жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған  мемлекеттік саясаттың жемісі.

Бұл бастама техникалық және қолданбалы мамандықтардың беделі мен маңыздылығын арттыруға бағытталған. Жыл ішіндегі  негізгі шараларды атасақ олардың ішінде – мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымын, жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жобаны енгізу (11 сынып түлектері енді колледж дипломын ала алады) бар. «Жұмысшы кәсіптер қаласы» фестивалі аясында 300-ден астам іс-шара өткізіліп, колледждер мен жұмыс берушілер арасында 250 меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, 2023 және 2024 жылдары шәкіртақы  50% - ға ұлғайтылды, бұл оқытуды қол жетімді және тартымды етті. Дуальды оқыту да маңызды рөл атқарады, онда 27 мың студент оқуды кәсіпорындардағы тәжірибемен біріктіреді. Қазірдің өзінде 4000 компания  662 колледжмен өзара ынтымақтасуда, ал 2023 жылы мұндай компаниялардың тек 558-і болған еді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан колледждерін 173 мың студент бітіргелі отыр.

Кәсіптік бағдар беру науқандары қазірдің өзінде 2,5 миллион оқушыны қамтыды, ал 11-сыныптың 905 түлегі алғаш рет бір уақытта аттестат пен колледж дипломын алды. Мұның бәрі – мемлекеттің жұмысшылардың кәсіби резервін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысының нәтижесі. Мемлекет кәсіптік білім беру жүйесін белсенді дамытқан жағдайда, мұндай бос орындар жастар үшін мансаптың тамаша бастамасы айналады. Жоғары жалақы, жеңілдіктер, білім берудің қолжетімділігі және мемлекеттің қолдауы  – мұның бәрі жұмысшы мамандықтарды жай ғана өзекті емес, беделді және тиімді ете түседі.

 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT