Қазақстанда оқушылар үшін күзгі каникул ұзартылды.
Бұл жайлы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Онда "Күзгі қаникул кезінде оқушылар 5-14 қараша аралығында 10 күн демалады" делінген.
Бұған дейін күзгі каникул апта ғана болатын және қазанның соңында аяқталатын.
Осылайша, оқушылардың бірінші тоқсаны бір аптаға ұзартылып, екінші тоқсаны каникул ұзарғаны және ауысқаны үшін бірнеше күнге қысқарды.
Сурет: ашық дереккөзден