Атырау облыстық полиция департаменті Асылбек Досжанов пен Әсет Бисенбаевты алғыс хатпен марапаттады, - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Асылбек Досжанов - ҚР ҰҚК шекара қызметі 2016 әскери бөлімінің қызметкері. Олар балаға азғындық іс-әрекеттер істеді деген күдікке ілінген ер адамды ұстауға көмектесті. 30 жастағы Әсет Бисенбаев Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді.
Сондай-ақ, қызмет бабында жүріп, ерлік танытқан құқық қорғау органдары қызметкерлері де марапатталды. Ұрлық деректерін дер кезінде ашқаны үшін Қуандық Сабыров пен Ернар Қожаберген полиция департаментінің басшысынан алғыс хат алды.
Сурет: ашық дереккөзден