Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қымбаттады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбасинова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Соңғы ресми мәліметтер бойынша елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы соңғы бір аптада 0,4 пайызға өскен. Қымбаттаған азық-түлік бағаларының ішінде қырыққабат та бар. Оның орташа индексі 4,2 пайызға көтерілген. Қазір еліміздегі қырыққабаттың орташа бағасы -173 теңге. Ал кейбір өңірлерлерде, оның ішінде Ұлытауда бір келісі 272 теңге, Жетісуда 213 теңге дейін жетеді, – дейді
Жұбасинова "бағаның өсуіне не себеп?" деген сауалға жауап берді.
- Бағаның өсуі - маусымаралық кезеңге байланысты болып отыр. Бұған сыртқы сұраныстың қатысы жоқ. Жалпы өңірлерде наурыз-сәуір айларында өнімнің жиын-терімі жүргізіледі, – дейді ресми өкіл.