Қысқа дайындық оқу-жаттығу жиыны өтті

Исатай ауданында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оның барысында, жергілікті атқарушы органдар - әкімдіктер, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі комиссиялары, аудандық жедел мән беру отрядтарын қажетті құрал-жабдықтармен, байланыс құралдарымен, арнайы техникалармен жеке құрамды киім-кешекпен қамтамасыз ету, отрядтың жеке құрамын техника қауіпсіздігінен өткізу нысандарының қызметкерлері қатысты. Мақсаты - қыс мезгілінде орын алатын  табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

24 қараша  күні Исатай ауылы тұсындағы «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолы бойындағы 105 шақырымында  қалың қардың түсуінен автокөліктер жиналып, екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Аталған оқиға бойынша оқиға орнына аудандық ауруханадан 1-техника, 3 қызметкер, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 2 техника, 7 қызметкер, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен 2 техника, 3 қызметкер және аудандық поиция бөлімінен 3 техника, 7 қызметкер жұмылдырылды. Оқиға орнындағы зардап шеккен адамдар аудандық ауруханаға жеткізілді, қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп, көлік қатынасы қалыпқа келтірілді.

Аудандық шұғыл әрекет ету отрядының құрамы тәуліктің кез келген уақытында дайындық жағдайға келтіріліп, аудан орталығы Аққыстау ауылы, Елорда көшесіндегі алаңға техникаларды сапқа тұрғызу арқылы дайындықтарын тексерді. Жалпы бұл оқу жаттығуға  қатыстырылған техника саны – 18, адам саны - 75. Сондай-ақ, барлық техникалар жарамды күйде болды.

Сонымен қатар, келесі күні осы аталған оқу жаттығудың жоспар бойынша екінші кезеңі өткізілді. «Атырау-Астрахан» тас жолының бойында қыс мезгілінде метеорологиялық  қолайсыз ауа райы кезінде жол бойында 1 автобус  көлігі  істен шығып, 12  жолаушы қар құрсауында қалған. Аталған оқиға бойынша аудандық №6 ӨСБ-нен 1техника, 5 адам, аудандық полиция бөлімінен 3 техника, 6 адам жұмылдырылды және аудандық ауруханадан 1-техника мен 2 қызметкер жолда қалған жолаушылаурға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен 12 адамды жақын жердегі мектеп гимназияға эвакуациялау жұмыстары жүргізді. Одан бөлек, психологиялық көмек көрсетіліп,  жылы тамақпен қамтамасыз етілді.

 Оқу-жаттығу бойынша аудандық тіршілікті қамтамасыз ету нысандары және төтенше жағдай орын алған жағдайда аудандық шұғыл әрекет ету (ОЭР) отрядының, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі құрамалардың, жергілікті  полиция қызметінің, жедел медициналық жәрдем беру бригадасының қысқы кезеңдегі кездесетін төтенше жағдайлардың алдын алу, дер кезінде қалпына келтіру бойынша іс-әрекеттері пысықталып, оң баға берілді.

 

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521