Қыз алып қашатындарға жаза күшейтілмек

(0 Votes)

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың атқарған жұмыстары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады. Басты мәселелердің бірі ретінде қыз алып қашуға қатысты жазаны күшейтуге бағытталған заң жобаларын дайындау үдерісі аталды, деп хабарлайды Кursiv.

Бұған дейін наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда президент бұл дәстүрді «өрескел надандық» деп атап, заңнаманы қайта қарау туралы тапсырма берген еді.

«Президент тапсырмасын орындау мақсатында, қыз алып қашуға қатысты жазаны күшейтуге арналған өзгерістер дайындалып жатыр», – деді Қошанов.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, қыз алып қашуға қазіргі «адам ұрлау» бабы сәйкес келмейді.

«Ол баптың ішінде адамды үш-төрт күннің ішінде босатып жіберсе, жауапкершілікке тартылмайды деген қосымша бар. Сонда қалай? Ол қыз көнбейді, оны көндіреді, қағаз жаздыртады, ұялтады, басқа қылады, мәжбүрлейді, үш-төрт күн ұстайды, әбден абыройы төгіледі, сосын жібере салады. Оған ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды», – деді Әбенов.

Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 71 заң жобасы бар. Олардың арасында салық, су, құрылыс, цифрлық кодекстер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері, қаржы нарығын дамыту, әскери-патриоттық тәрбие және пошта қызметіне қатысты заң жобалары қарастырылып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT