2022-2023 жылдар аралығына Қызылқоға ауданының ауылдық округтеріне және коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне бөлінген бюджет қаражатына және қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу аудит жүргізілді.
Аудит нәтижесінде 671 134,0 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды.
Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 93 568,7 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты 454 289,7 мың теңге, тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаты 122 995,8 мың теңге.
Сонымен қатар, 64 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Аудит барысында Сағыз, Мұқыр және Қызылқоға ауылдық округтері мен мәдениет үйлерінде елеулі бұзушылықтар тіркелді. Сағыз ауылдық округінде 561 827,1 мың теңгенің, Мұқыр ауылдық округінде 45 448,6 мың теңгенің, Қызылқоға ауылдық округінде 47 591,5 мың теңгенің бұзушылықтары анықталды. Қаржылық бұзушылық ішінде еңбекақы мен іссапар шығындарының артық төленгені және құрылыс жұмыстарының сапасыз атқарылғаны көрсетілген.
Сонымен қатар, ауылішілік құрылыс жобаларының жоспарлануы мен орындалуында көптеген олқылықтар болды. Бұған қоса, бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны белгілі болды. Аудиттің басты нәтижесі — қаржылық есептің дұрыс жүргізілмеуі және мемлекеттік сатып алулар саласында заңнамалық талаптардың сақталмауы. Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен бұл мәселелерді түзету үшін ауылдық округтерге бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, құрылыс және сатып алу қызметтерінде заңнаманы қатаң сақтау ұсынылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған қаржы бұзушылықтардың 85,6 миллион теңгесі қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды, 8 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, уәкілетті органдармен 16 лауазымды тұлғаларға 1,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл аудит ауылдық округтер мен коммуналдық мекемелердің қызметін жақсартуға, бюджеттік қаражаттың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.