Атырау облысының прокуратурасы үлескерлік құрылысқа қатысатын, оның ішінде жосықсыз құрылыс салушылармен алданған адамдардың құқықтарын белсенді қорғауда.
Қолданылған шаралармен «Жібек Жолы Инвест Групп» ЖШС және «Ақмаржан-Атырау» тұрғын үй құрылыс кооперативінің басшылары әшкереленді, олар 2,3 млрд теңге шығын келтірді, алданған 271 азамат келісілген мерзімде баспанасыз қалған.
Сонымен қатар, кейбір пәтерлер бір уақытта бірнеше адамға сатылған.
22.06.2023 жылы алаяқтар А.Юсуповамен Е.Сардарбеков ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (адамдар тобының аса ірімөлшерде жасалған алаяқтық) және 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (алдау немесе сенiмді теріспайдалану жолымен ірі мүлiктiк залал келтiру) бойынша6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Біз қабылдаған шараларға қарамастан, әрбір азамат зейінді болуға және объективтіхабардар болу үшін:
- жергілікті атқарушы органдардыңқұрылыс бөліміне немесе басқармасынажүгінуге;
- құрылыс салушылардан жер учаскесінеқұқық беру туралы жергілікті атқарушыорганның шешімі;
- жобалау-сметалық құжаттамағасараптама қорытындылары;
- құрылыстың басталуы туралыхабарламалар;
- үлескерлердің қаражатын тартуғаәкімдіктің рұқсаты болуы туралы уақтылыанықтау;
- құрылыс процесін бақылау қажет.
Сонымен қатар, тұрғындардың қырағыболу қажеттілігіне, ал алаяқтардың жасағанқылмыстары үшін жауапкершіліктіңбұлтартпастығына назар аударамыз.
Атырау облысының прокуратурасы