Әлеуметтік желі де ауру жамайды

– Ағылшын ғалымдарының зерттеу орталығында әлеуметтік желілерді көп қолданатын жасөспірімдердің ұйқысыздық, күйзеліс және мазасыздану сияқты жағымсыз салдарға, тіпті ауруға ұшырау мүмкіндігі жоғары екені анықталды, -деп жазады nur.kz.

Зерттеу жұмысына 500-ге жуық жасөспірім қатысқан. Глазго университетінің қызметкерлері доктор Хизер Клиланд Вудс пен Холли Скотт зерттеу кезінде әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланудың денсаулыққа қалай әсер ететінін білу мақсатында оларға арнайы сауалнама жүргізген. Экспериментке қатысушылардан олар күні бойы және ұйқы алдында әлеуметтік желіге қанша рет кіретінін анықтаған. Сонымен қатар олар жасөспірімдердің онлайнда болуға деген ынтасына да зор мән беріп, интернетке кіре алмаған жағдайда қандай жайсыздықты сезінетінін де білуге тырысқан.

Сөйтсе, кәмелетке толмаған жасөспірімдер онлайн байланысқа қаншалықты күйіп-піссе, ұйқысыздық ауруына шалдығу деңгейі де соншалықты жоғары болады екен. Өзіне-өзі көңілі толмағандар ұйқысыздық пен мазасыздық ауруына көбірек ұшырайтынына мамандар көз жеткізіп отыр. Себебі, әр жас бала әлеуметтік желіні қолданып, өзгелердің жетістігі немесе әлдебір жақсы істері жайлы көбірек білсе, өзіне деген бағасы соғұрлым төмендей береді. Оның соңы жоғарыдағы айтқан ауруларға әкеліп соқтырады. Көбінде мұндай белгілер Facebook, Twitter, Tumblr, Pinterest, Instagram және Youtube сияқты сайттардың қолданушыларынан айқын көрінген. Бұл ата-аналардың құлағына алтын сырға болуы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521