Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаның Атырау оқушыларына қатысы жоқ

Бірнеше әлеуметтік желіде онлайн сабақ кезінде мұғалімді тыңдамай, бейәдеп қылық көрсеткен оқушылардың видеосы таралған болатын.

Аталған бейнежазбаға қатысты анықтау шаралары жүргізіліп, Атырау облысына қатысы жоқтығы анықталды.

«Желіде тараған видеоға сәйкес, анықтау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде, ондағы оқушылар мен мұғалімнің өңірімізге қатысы жоқтығы анықталып отыр» деп түсіндірді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521