Әлішер автоматты 100 адамның ішінен бірінші жинады

17-22 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының полигон базасында Жастар жылы аясындағы бесінші республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде.

Атырау облысының намысын қорғауға аттанған «Махамбет» әскери-патриоттық клубы командасы осымен жиынға төртінші жыл қатысып отыр. Жетістіктер де жоқ емес.

Іс-шараның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Сондай-ақ әскери полигонға Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, Парламент депутаттары, Қарағанды облысы әкімдігінің басшылығы, Қарулы Күштер ардагерлері мен шақырылған қонақтар жиналғанын да айта кетейік.

Республикалық жиынға облыс бойынша аудан, қала мектептерінен аттанған 30 оқушының ішінде аққыстаулық жас түлек, "Барыс" балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті Әлішер Сұлтан да (жетекшісі Ермек Жұмалиев) бар. Патриоттық жарысқа ол сәуір айында өткен облыстық жиында таңдалған болатын. Әлішер үшін әскери сынақ сәтті басталды. 100 адам бақ сынаған автоматты шашып, жинаудан өткен сайыста бірінші орын иеленген ол белтемірге (турник) тартылудан 50 клуб мүшесінің ішінен бестікті қорытындылады. Жарыс қорытындысы 22-маусымда белгілі болмақ.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521