«Ұлы даланың Жеті қыры» – ұлт тірегі

Қазіргі жаһандану жағдайында әрбір этникалық топ өзінің түп тамырын ұлттық бірегейлігін білдіретін құндылықтар жүйесіне көңіл аударып, оны әрі қарай жетілдіру жолында.

Жаһандану жағдайында ұлттың рухани және материалдық құндылықтары дұрыс арнада қалыптаспаған елдер үшін қауіптілік үрдісі арта түспек, әсіресе, енді ғана есін жиып, жоғалтқан құндылықтарын түгендеп жатқан қазақ ұлты үшін.

Нобель сыйлығының иегері М.Иқбал жаһандану үрдісі жайлы: «Езілген ұлттардың өз менін, болмысын ұмыттыру - оларды тарих бетінен жойып жіберудің астыртын жүргізген әдісі мен ойыны. Менін жоғалтқысы келмейтін ұлт өзінің өткені, бүгіні мен ертеңі арасындағы қан тамырларын үзіп алмауы тиіс» деген болатын. Олай болса қазақ халқы үшін ертеңгі күнін айтпас бұрын, өткен тарихына тоқталып, ең керек рухани байлықтарын танып, оларды бойына сіңіруі қажет секілді. Мемлекет басшысының 2018 жылдың 21 қараша күні жарыққа шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы болатын. Аталмыш мақалада Қазақ халқының тереңнен бастау алатын тарихи және мәдени ерекшеліктеріне сондай-ақ, әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі туралы жазылған. Мемлекеттің нығаюы Қарулы күші мен дипломатиялық қарым-қатынаспен ғана өлшенбейді, мәдениеттің күштілігіне де байланысты. Мәдениет дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы жинаған бай рухани және материалдық мәдениеттерінің жиынтығы. Жаһанданудың мәдени теориясының өкілдерінің пайымдауларынша, егер ұлт өзінің рухани және материалдық дүниетанымдарын меңгермесе, қайнап жатқан қазанда өзінің бірегейлігінен айрылады. Олай болса ұлт ретінде сақталу жолында бұл мақала құнды құжат, әрі ұлтты сақтаудың тетігі болмақ.

Өткен аптада Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында түп тарихымыз бен ұлттық тарихымызға үңіліп, күрмеулі түйінін шешуге жол ашатын Елбасы мақаласы Аққыстау ауылындағы аудандық кітапханада талқыланған еді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Махмутов «Елбасының бұл жолғы мақаласы қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол – Еуразия кеңістігін мекендеген түркі тайпаларының әлемдік өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту екеніне аса назар аударды. «Ортақ мақсат – «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай түсуіміз керек. Ол үшін ұрпақтар сабақтастығы, сана жаңғыруы тиіс. Сол кезде Елбасы атап өткен басымдықтар біздің қанымыздан, өмір сүру салтымыздан ешқашан жоғалмайтыны хақ» деді.

Сондай-ақ мәжіліске қатысқан еңбек ардагерлері Ж.Қадимов, М.Бектенов, Е.Насмуллин, Б.Құлғалиева және мекеме басшылары М.Насиханов, Е.Ақтанов, Г.Жұбанова, Ж.Ахмедярова, С.Көбеева және кітапхана оқырмандары да Елбасы мақаласын талқылап, үн қосты. Атап айтқанда, ата-бабамыздан бізге жеткен, алайда өкінішке орай қазіргі кезде санадан сүріліп, ұмытылып бара жатқан атқа міну, ат баптау, ер, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл секілді ат әбзелдерін дайындау мен темірден түйін түйіп, қамшы өру, текемет, киіз басу сынды қазақы, ұлттық болмыс, құндылықтарымызды қайта жаңғырту ісіне тоқталып, оның маңыздылығы сөз болды. Жиында үлкендермен қатар жастар өкілдері де әңгімеге араласып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521