М.Досмұхамбетов абаттандыру жұмыстарына қатысты сын айтты

Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қоғам белсенділерімен бірге Жайық жағалауын қарап шықты.

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жағалауды абаттандыру жұмыстары Атырау қаласындағы Бейбарыс көпірінен Жастар саябағына дейін жүргізіледі. Қаланың еуропа бөлігіндегі 7,86 гектар аумақты қамтыған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүретін аумақтың жалпы ұзындығы - 1861 метрді құрайды.

23atirau

Қазіргі уақытта жағалаудың жаңа учаскесінде Атырау қаласының көркем символдары, "Шаңырақ" архитектуралық үлгіде жасақталған аумақ, балаларға арналған және денешынықтыру, жүгіру, демалыс алаңдары, орындықтар мен күркелер орналастырылған. Пирс пен жағажай аумағы да абаттандырылады деп күтілуде.

23atirau-jaiiq

Жағалаудағы құрылысы-монтаж бен абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар сын айтқан облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов жұмыстың сапалы болуын ескертіп, кейбір олқылықтарды түзеуді тапсырды. Өйткені, атыраулықтар мен қонақтар серуендейтін ең көрікті орындардың бірі ешбір қолайсыздық тудырмауы тиіс.

2392jai

Ал жағалауды арбасымен аралап шыққан қоғам белсендісі Гүлнәз Қосмұрзиева жағалаудағы жүгіруге арналған, велосипетпен жүруге және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың көңілінен шыққанын айтады. Бірақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларын арбамен серуендететін аналарға да қолайлы болу үшін бірнеше ұсыныстарын мердігер компанияға жеткізді. Олар оның жуық арада орындалатынын жеткізді.

23jaiiq

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары НКОК компаниясының қаржыландыруымен жүргізіліп жатыр.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика