М.Досмұхамбетов: «Олқылыққа қатысты тұлғаларға қызметтік шара қолданылады»

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен сұйытылған газ мәселесіне байланысты жедел отырыс өтті» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті саланың басқарма басшылары қатысты. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі соңғы күндері автокөліктерге қажет сұйытылған газ тапшылығының туындауына қатысты жауапты тұлғалардың салғырттығы мен шабандығын қатаң сынға алды.

acim-gaz

«Жауапты басқарма басшылары мәселені дер кезінде шешпей, ушығуына жол беріп отырсыздар. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен салалық Энергетика министрлігімен тығыз байланыс жасап, мәселені созбақтамай реттегенде мұндай жағдай болмас еді. Осы олқылыққа қатысты тікелей жауапты тұлғаларға қызметтік шара қолданылады» деген облыс басшысы орынбасарлары мен тиісті басқарма басшыларына Энергетика министрлігімен тығыз байланыста болып, мәселені жылдам шешуді тапсырды.

caz03

Аталған проблеманы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Данияр Мұқышев «ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, ақпан айында наурыз айы үшін облысқа қажетті 4600 тонна сұйытылған мұнай газын беру туралы кесте жіберген болатын. Алайда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан тиісті сұйытылған газды бере алмай отыр» деді. Ол сонымен қатар зауыт жөндеу жұмыстарын наурыз айының орталарында аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.

Мәселені реттеу үшін өңірде сұйытылған мұнай газын өндірудің уақытша төмендеуіне байланысты қажетті газды алу үшін ҚР Энергетика министрлігіне тиісті хат жолданған.

Қазіргі уақытта өзге компаниялардан наурыз айына қажетті 4500 тонна тонна газды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша сұйытылған мұнай газымен жүретін автокөліктер тәулігіне шамамен 150 тонна газ тұтынады. Жиын соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жағдай толық түзелгенше бақылауда ұстауды тапсырды.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика