Мүгедектің мұңы айта бергенмен азаймайды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмеcінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында "Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша Бірыңғай тақырыптық қабылдау" өтті.

Аталған акцияға аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Н.Кабулова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А.Сайпеденова және аудандық соқырлар қоғамының төрағасы Қ.Жұқалтайұлының қатысуымен қабылдау өткізіп, азаматтарға денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалар туралы түсіндіріп, тиісті кеңестер берді.

Мәселен, Т.Нұрғалиев бұған дейінгі қабылдауларда болып, көптен бері өзінің де, зайыбының да ауыратынын, баспанаға мұқтаждығын айтып көмек сұрады. Ал, жанбайлық көпбалалы әке Қ.Нұрмұхановтың бір күнде көзі көрмей қалған. Бір жарықты көріп қалармын, деген үмітпен аудандық та, облыстық ауруханалардың есігін тоздырғанмен, нәтиже жоқ. Алайда, көңілі ресейлік көз дәрігерлерге қаралғанды қалайды. Соңғы үміті сол Орынбор қаласына барып, толық тексерілу. Бірақ, қаражат жағы қалта көтерер емес. Сондықтан да қаражылай көмек сұрады. Сондай-ақ, ол аудан орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосып, арасында жиналып тұратын шағын орынның да жоқтығын тілге тиек етіп, мәселе айтумен ғана шешілмейді, әрекет қылу қажеттігін айтып, назын білдірді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аудан орталығынан орын табу – күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Бұл сұрақ тек бір ғана адамның емес, көпшіліктің сұранысы болғандықтан орын қарастырылып жатыр, – дейді аудандық соқырлар қоғамы төрағасы Қ.Жұқалтайұлы. -Қабылдауға келген әрбір азаматтың өтінішін қарап, тиісті мекемелерге шығып мәселесін оңтайландыруға қолымыздан келгенше ықпал етеміз, -дейді аудандық филиал консультанты О.Көпбергенов. Қабылдау барысында көмек сұрап келгендерге құзыретті мекемелердің өкілдері тиісті кеңестер мен мәселені шешу мақсатында бағыт-бағдар берді.

Әйгерім Құбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521