Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42500 теңге төлейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет. Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді" деп жазды Twitter парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521