Мұқтаждық жайы бір бөлек, пайдакүнемдік бір басқа

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілуі мүмкін атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәсілдемелері нені көздейді? Одан не ұтамыз?

Осы сауал көптің көкейінде жүргені белгілі. Күні бүгін атаулы әлеуметтік көмекті алушы саны 2 миллионнан асса, оларддың 165 мыңнан астамы көпбалалы ана, ал 1 335 965-і бала. Статистикаға сүйенсек, соңғы 2 жылда көмек алушылардың саны 20 есе өскен. Кеңейтілген мүмкіндіктердің арқасында аз қамтылған шаңырақтар, әсіресе, көпбалалы отбасылар мемлекет тарапынан нақты қолдауларға ие болды. Екінші жағынан заңсыз жәрдемақы алуды қосқанда 73 мыңнан аса заңбұзушылық анықталыпты. 155 млн. теңгеден астам қаражат мемлекет бюджетіне қайтарылған. Анықталған заңбұзушылықтардың нәтижесінде көмек мөлшері қысқартылып, кей жәрдемақылар уақытша тоқтатылса, мүлдем алып тасталғандары да бар көрінеді. «Бұның барлығы теріс пайдаланушылық пен алаяқтық салдарынан болып отыр» дейді мамандар.

Әр нәрсенің өз мақсаты бар. Ал мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек шынымен зәру азаматтарға жету үшін мұқтаждық пен пайдакүнемдікті ажыратып алуымыз керек. Мақаламыздың басында айтып өткен атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәсілдемелері дәл осы себепті енгізіледі. Бұл тәсілдеме енгізілген жағдайда көмек барлық көпбалалы аналарға берілмек. Көмек мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты. Тағы бір айта кетер тиімділігі, мемлекет еңбекке қабілетті азаматтарға жұмысқа орналасуға көмектеседі. Жұмысқа қабілетті бола тұра, ұсынған қызметтен бас тартқан азамат және оның отбасы мүшелері мемлекеттік көмектен айырылады. Қысқаша айтар болсақ, жаңа тәсілдеме тағайындалатын көмекті барынша әділ етіп, азаматтарды еңбек етуге ынталандырады және ең бастысы мемлекеттік көмек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілетін болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT