Мәдениет және спорт нысандары жұмысын бастайды

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия балабақшаларды ашу туралы шешім қабылдады.

"2020 жылы 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі мекемелер мен қосымша білім беру ұйымдары ашылады. Топта адамның саны 15 баладан аспауы қажет" делінген үкімет басшысының ресми сайтында.

Ресми мәліметке сәйкес, 1 маусым бастап СПА-орталықтар мен фитнес-орталықтар ашылады. Бұдан бөлек, мәдениет пен спорт нысандары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар өз жұмысын бастайды. Ал 15 маусымда кинотеатрлар ашылатын болады.

Айта кетейік, маусымның басында блок бекеттерді алып тастайды. Сол кезде қалааралық автобус пен пойыз қатынасы ашылады.

Комиссияның бүгінгі отырысында халықаралық рейстерді де ашуға рұқсат берілді. Жоспар бойынша алдымен Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесі пысықталады. Ал екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Тайланд пен Чехияға әуе қатынасы ашылады.

sputniknews.kz

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Күнтізбе

шілде 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21