17 қараша күні Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы кезінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді тұрғылықты мекен-жайында заңсыз егіп өсірген Мақат ауданының 1982 жылы туған тұрғынын анықтады.
Аталған дерек бойынша күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы тексеріліп, тексеріс барысында үйдің ішінде пластикалық ыдысқа есірткі өсімдігін өсіріп жатқаны анықталды.
Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.