Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр

15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 - 20 тамыз аралығында қабылданады.

3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Докторантураға түсу емтихандары 4 - 20 тамыз аралығында өткізіледі.

Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://pvo-zayav.testcenter.kz жоо қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521