МАҚАТ АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР МАҢЫНА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

 

 Мақат ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов, аудан ардагерлері және ауданға қарасты мекемелердің қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.

 

 

Сондай-ақ, акцияға қатысқан ардагерлер де көпшілікке үлгі көрсетіп, сенбілікке ерекше серпін берді.

 

 

Бұл - тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, туған жердің тазалығына деген қамқорлықты нығайтудың жарқын үлгісі болды.

 

 

Акция барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартып, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

 

Сонымен қатар, қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында орталық көшелер бойына 100 түп ағаштарын отырғызды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT