МАҚАТ АУДАНЫНДА “ ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, жұма күні аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жасыл ел" еңбек жасағы жобасы аясында "Таза Қазақстан” республикалық акциясы өтті. 

Акция барысында «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айбол Долдашев республикалық акциясының пайдасы туралы айтып, ауданымыздың гүлденуіне бір кісідей ат салысуға шақырды.

150-ге жуық мекеме қызметкерлері мен аудан жастары қатысқан шарада Жастар ресурстық орталығы мен вокзал маңына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Айта кетейік, аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521