Мақат - менің мекенім

 

Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мақат – менің мекенім» және «Экоанимация» байқауларының қорытынды шарасы өтті.

Аталған байқаулардың басты мақсаты – тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлықты арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды.

Бұл шараға қатысушылар алдын-ала экологиялық тақырыптағы шығармашылық жұмыстарын ұсынып, өз идеялары мен көзқарастарын ортаға салған болатын.

Осылайша, байқау қорытындысы бойынша І орынды Бекжановтар отбасы иеленіп, «МединаАвто» оқу орталығына тегін оқуға жолдамаға ие болды. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқан Рысқалиевтар отбасы «Әдемі-ай» кафесіне отбасылық кешкі асқа жолдамамен марапатталды.

Ал «Экоанимация» байқауына қатысқан барлық қатысушыларға «Білім кеңістігі» оқу орталығына 1 айлық оқу курсына жолдамалар табысталды.

 

Г.Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT