Махамбет облыстық турнирден жеңімпаз атанды

Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен онлайн турнир өтіп, онда елуге жуық педагог бақ сынасты, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Екі күнге созылған зияткерлік сайыс педагогтерді біріктіру, олардың кәсіби қарым-қатынасы үшін алаң құру мақсатымен жүзеге асты.

- Турнирге өңірдің жалпы орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерінен құралған жалпы саны 48 педагог қатысты. Алдағы уақытта салауатты өмір салтын насихаттап, интеллектуалды тұрғыдан серпіліс жасау бағытында осындай жобаларды жалғастыру жоспарда бар, - дейді Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашова.

Турнир қорытындысымен І орынды және турнир жеңімпазы атағын Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің мұғалімі Махамбет Ахметқалиев иеленді. Ал жүлделі ІІ орынды Атырау қаласы №38 мектеп лицейінің мұғалімі, "ӨРЛЕУ" БАҰО АҚ тренері Ханат Ихсанов алды. ІІІ орын Исатай ауданы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектебінің мұғалімі Ержан Бөкеновке бұйырды.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика