Махамбетте ойнатылған ұтыстан

«Қазпошта» АҚ ұлттық пошта операторы компанияның 25 жылдық мерейтойына орай «Kazpost»-тан сыйлықтар жылы» - зейнетақы мен жәрдемақы алушылар үшін сыйлықтар ұтысын өткізуде.

«Сенім» қызметі бойынша зейнетақы және жәрдемақы алуға арналған ағымдағы немесе карточкалық шотты ашқан клиенттер 50000 теңгеден 200000 теңгеге дейінгі сомаға тұрмыстық техниканы сатып алуға арналған сертификаттар ұтып ала алатын болды. Шот ақысыз ашылады, ақшаны қолма-қол Kazpost және Qazkom бөлімшелерінен және банкоматтарынан комиссиясыз алуға мүмкіндік бар екен.

-Сондай-ақ біздің клиенттеріміз кез-келген "Қазпошта" бөлімшесінде картаны немесе ағымдағы шотты тегін аша алады, ағымдағы шоттар арқылы өтетін кіріс және шығыс операциялар бойынша транзакциялар туралы SMS-хабарламаларды тегін ала алады,-дейді аудандық пошта байланыс торабы басшысы Әліби Хайдаров.

Оның айтуынша, сондай-ақ Kazpost және Qazkom бөлімшелерінен және банкоматтарынан комиссиясыз ақшаны қолма-қол ала алады, коммуналдық қызметтерді ақысыз төлей алады (шотты науқанды өткізу кезеңінде ашқан жағдайда 01. 01. 2018 ж. бастап, 31. 12. 2018 ж. дейін), Хоум Кредит Банк, AsіaCreіt Bank, Альфа-Банк, «Займер» ЖШС-де жеңілдікпен несие ала алады. Сыйлықтар ұтысын өткізу бойынша көршілес Махамбет ауданында ойнатылған ұтыста біздің ауданнан Зинеден ауылының тұрғыны, зейнеткер Роза Хасанқызы Хайыпбергенованың жолы болулы. Сөйтіп ол 200000 теңге ұтысқа ие болды. Олжалы зейнеткерге сертификат пен карточка табыс етілді. Алдағы ұтыс ойыны Аққыстау ауылында 29 қыркүйекте өткізіледі деп жоспарланғанын айта кетуді артық көрмедік.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

Суретте Ә.Хайдаров ұтыс иесін құттықтауда.

Суретін түсірген Ә. ШАРАПИДЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521