Мамандар кеңес берді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес Исатай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 шілде күні Х.Ерғалиев ауылында және Томан елді мекенінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері өтті.

Жәрмеңкенің мақсаты - халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, электронды үкімет порталында онлайн қызмет алуды үйрету, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттандыру, шағын және орта бизнес бастау туралы консультациялық кеңес беру. Аталған шараға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, мемлекеттік қызмет көрсетуші дербес бөлімдердің қызметкерлері, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының кеңесші мамандары қатынасып, халыққа түсінік жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі тұрғын үй, жер, жұмыспен қамту мәселелері жөнінде және электрондық цифрлық қолтаңба алу және оны электронды үкімет порталында пайдалану жолдары туралы мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Жәрмеңкеге барлығы 200-ге жуық адам қатысып, оның 118-іне әртүрлі сала бойынша қызмет көрсетілсе, 37 адамның электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтініштері қабылданды.

Нұрберген ӨТЕГЕНОВ,

аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521