Мамандықтың жаманы жоқ

 

Биылғы жылды Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Кез келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, мәртебесі артады.

Жан дүниесіне байланысты адам біткен өзінің мамандығын таңдайтыны анық. Жер бетінде қанша жан болса, сонша мамандық бар. Оны игеру әр жанның сана-сезіміне байланысты.Жұмысты жүрекпен атқару – кез келген кәсіптің биік дәрежеге көтерілуінің кепілі. Қарапайым еңбек адамның маңдай тері, өз ісіне деген адалдығы – еліміздің өркендеуіне қосылған маңызды үлес. Сол себепті жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру – тек бір жылдың емес, тұтас қоғамның басты міндеті деп ойлаймын.

 

Г.Сәдуақасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT