Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, еске алды.
Қарулы Күштердің қаза тапқан әскери қызметшілері мен қызметкері:
Cтаршина Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков, 1979 жылы 8 қазанда туған;

Сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай, 1981 жылы 24 тамызда туған;

Ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1981 жылы 20 маусымда туған;

ҚР ҚК қызметкері Оразбек Дайраұлы Дәлібаев, 1962 жылы 8 ақпанда туған.

baq.kz
aq.kz

