«МАНСАПТЫҢ» МАҒЫНАЛЫ ЖИЫНЫ

Аққыстау ауылдық округі ғимаратындағы ардагерлер мәжіліс залында аудандық «Мансап» орталығы  филиалының ұйымдастыруымен  әлеуметтік қолдау шаралары,  ұрпақтар келісім шарты, басқа да бағдарламалар бо-йынша және де тиісті сала мамандары  аудан тұрғындарымен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. 
Жиында алғашқы сөз кезегін алған аудандық «Мансап» орталығының  директоры Бақытгүл  Сапарғожиева ақпараттық буклеттер тарату арқылы тұрғындарға «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісім шарты» жобалары бойынша кеңестер берді.


Сондай-ақ, аудандық аурухананың  бас мейіргері Назым Идрисова МӘМС жүйесі туралы толығырақ тоқталып өтті. Тұрғындар тарапынан жолданған түрлі сауалдар ішінде «онкологиялық диспансерлікте  тіркеуде  басқа қаланың есебінде тұрмын, алайда тиісті дәріні қайдан аламын?»  немесе  «III топ мүгедегімін, маған медициналық сақтандыру бойынша жеңілдік қарастырылған ба?» деген секілді сұрақтарға бас мейіргер жауап қайтарды.
-Мүгедектердің бәрі медициналық сақтандырылып тұрады.Бірақ, соның ішінде III топ мүгедегі жұмысқа жарамды болғандықтан, оған жұмыс беруші төлеуге міндетті.Сондай-ақ, дәрі мәселесі жөнінде диспансерлік есепте тұрсаңыз, бұйрық бойынша 5 дәрі көрсетілген бе, онда сол дәрі ғана сізге тиесілі, артық берілмейді. Сіздердің қаперлеріңізге бере кетейін, кейбір сіз қолданып жүрген дәрілердің атауы өзгергенімен, құрамы еш өзгермейді.Соны түсінсеңіздер деймін.Себебі, тұрғындар арасында  күнделікті қолданыстағы сол атаулы дәріні алуға міндеттімін деп ойлайтындар бар. Сондықтан, дәрігер мамандар қандай дәріні ұсынады, оның бәрі сіздердің саулықтарыңыз үшін,- деді ол.
Одан бөлек, бұл жиынға аудан прокуратурасының прокуроры, II сыныпты заңгер Жандос Қайдаров қатысып, құқық қорғау мәселелері бойынша хабарлама жасады. Ол қылмыстық іс-әрекеттен, соның ішінде интернет алаяқтықтан сақтану, олардың күннен-күнге көбейіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, балаларды түнгі уақытта көшеге шығармау керегін, қылмыстық әрекеттерден осылайша  сақтандыру қажеттігін қаперге берді. Пробация есебінде тұрған адамдардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында оларды жұмысқа орналастыру мәселелері айтылды.
Осылайша сұрақтар  қойылып, пікірлер алмасты. 
Жылжымалы мобильді кесте бойынша «Мансап» орталығының мамандары ай сайын қызмет көрсетіп келеді. Кейде қарапайым ережеге құлақ түрмей жатамыз. Соның салдарынан түрлі олқылықтар да орын алады. Оның алдын алған жөн. Айтылған сөз әрекетке, нәтижеге бастауы қажет.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521