«Мәсәлімов жастары» республикалық турнирге жолдама алды

Атырау қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбында II облыстық форум өтті.

Атырау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауға 80-ге жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынасқан болатын. Форумда қалалық және аудандық білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қамтылды. Конкурсқа қатысушылар «Осындай мамандық бар», «Адами ресурстар: болашақ капиталы», «Мен - мамандықтар әлемінде» және «Мамандық: кеше, бүгін, ертең» атты 4 аталым бойынша білімдерін сынады.

Форумда Исатай ауданының намысын қорғаған Ғ.Мәсәлімов атындағы және Нарын, Аққыстау орта орта мектебі оқушыларынан құралған команда да жақсы жетістікпен қайтты.

c

"Осындай мамандық бар" аталымы бойынша өз жобасын қорғаған Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Б.Қайырлиева алғыс хатпен марапатталса, "Мамандық: кеше, бүгін, ертең" номинациясы бойынша КТК жастары арасында Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің "Мәсәлімов жастары" құрама командасы жүлделі І орынды иеленіп, арнайы кубок пен дипломға ие болды.

Енді олар 29 наурызда Өскемен қаласында өтетін республикалық форумда өнер көрсететін болады. Ауыл мен ауданның абыройы үшін форумның республикалық кезеңіне жолдама алған «Мәсәлімов жастарына» сәттілік тілейміз.

Айта кетейік, бұл шара еліміздегі еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті мамандықты сәтті таңдауға, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби қызметке тартуға бағытталған.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521