Мәшинемен маневр жасаймын деп айыппұл арқалады (+ВИДЕО)

Атырау полицейлері 7 маусым сағат 00:28 шамасында қаладағы Студенттер көшесінде жол ережесін бұзып, маневр жасаған BMW автокөлігін анықтады.

Бұл туралы Атырау полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Онда 1995 жылы туған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабының 1 бөлімі "Сигнал бермей және қауіпсіздікті сақтамай кедергі туғызған, маневр жасау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 13 890 теңге көлемінде, сонымен қатар, "Жол жабынының бүлінуі" бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 5556 теңге көлемінде айыппұл салынғандығы айтылған.

Сурет: видеодан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521