Мәжілісте депутат Нұрлыбек Ожаев ант берді

Парламент Мәжілісінің бірінші жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелген Нұрлыбек Ожаев ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Өздеріңіз білетіндей, өткен сессиясының соңында Нұрлыбек Ожаев Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Енді Конституцияның 1-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді», деді Нығматулин.

Конституцияға сәйкес депутат ел алдында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Нұрлыбек Ожаев.

Жалпы отырысында палата депутаттары Н.Ожаевты Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің құрамына сайлады.

 




ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521