Мәдениет – елдің рухани тірегі: Жолдау арқылы жаңа серпін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында мәдениет пен өнер саласына ерекше тоқталғаны – біз, мәдениет қызметкерлері үшін үлкен қуаныш әрі зор жауапкершілік. Президентіміздің «мәдениет қайраткерлері жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек» деген сөзі алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді.

Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйлерінде дәстүрлі өнерді дәріптеу, халықтың бос уақытын тиімді өткізу, жастарды өнерге баулу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Ал жаңа технологияларды пайдалану арқылы біз бұл жұмысты жаңа деңгейге шығара аламыз. Мәдениет қызметкерлері заман талабына сай ізденіп, шығармашылық бағытта дамып отырса, халқымыздың мәдени өмірі де байи түспек.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мәдениет - елдің рухани тірегі. Сол себепті біз де халыққа сапалы мәдени қызмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заман талабына сай жаңашылдықты енгізуге әрдайым дайынбыз. Әсіресе ауылдық жерлерде мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыру, жас өнерпаздарды қолдау, ұлттық дәстүрді ұлықтау – басты міндетіміздің бірі.

Президенттің Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға әрбір мәдениет қызметкері үлес қосуы тиіс. Себебі мәдениет – елдің рухани келбеті, ұлттың айнасы. Біз осы жауапты іске адал қызмет етіп, ауданымыздың мәдени тынысын арттыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

 

Амангелді Панабердиев,
Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT