Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы аясында және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен «Медеу» биік таулы кешеніне бірегей күш челленджі өтті, оған қаланың үш өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар қатысты.
Бұл челлендж адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін кез келген қиын жағдайға дайын құтқарушылардың батылдығы мен кәсібилігінің жарқын үлгісі болды.