Медициналық қалдықтар - бұл денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар.
Оған көптеген материалдар кіреді: пайдаланылған инелер мен шприцтер, ластанған киімдер, диагностикалық үлгілер, қан, химиялық, фармацевтикалық және радиоактивті материалдар, медициналық құрылғылар. Денсаулық сақтау нысандарында медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға қойылатын талаптар «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен реттеледі.
Медициналық қалдықтар бес сыныпқа бөлінеді:
- А сыныбы - қауіпті емес қатты тұрмыстық қалдықтар;
- В сыныбы - эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар;
- В сыныбы - эпидемиологиялық аса қауіпті қалдықтар;
- Г сыныбы - токсикологиялық қауіпті қалдықтар;
- Д сыныбы - радиоактивті қалдықтар
Сұрыптау мақсатында келесі түстер бар:
- «А» сыныбы қалдықтары -қара;
- «Б» сыныбы - сары;
- «В» сыныбы - қызыл; «Г» сыныбы - ақ .
Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес қауіптіліктің әрбір сыныбына мынадай талаптар қойылады: «А» сыныбы медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады:
1) қалдықтарды жинау қайта пайдалануға болатын сыйымдылықтар мен бір реттік пакеттерге жүзеге асырылады;
2) бір реттік пакеттер арнайы арбаларда немесе қайта пайдалануға болатын сыйымдылықтардың ішінде орналасады. Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбалар «Медициналық қалдықтар. «А» сыныбы» деген тиісті жазулармен белгіленеді.
«Б» және «В» сыныптары медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады: Бір реттік жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты тесілмейтін (контейнерлерге) сары түсті немесе сары таңбасы бар қаптамаға жиналады. Қаптаманы таңдау қалдықтардың морфологиялық құрамына байланысты. Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және суға төзімді ЖҚКЖК-ға жиналады. Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналға контейнер
Инелерді бөлуге арналған арнайы құрылғылар (ине шешкіш, ине бұзғыш, ине кескіш және басқалары) болған кезде пайдаланылған инесіз шприцтерді арнайы қондырғыларда зарарсыздандырылатын «Б» сыныбының басқа да медициналық қалдықтарымен бірге бір рет қолданылатын жұмсақ пакеттерге жиналады «Б» сыныбының органикалық, сұйық медициналық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар суға төзімді контейнерлер пайдаланылады.
«Б» сыныбының патологиялық-анатомиялық және органикалық операциялық медициналық қалдықтары (ағзалар, тіндер және тағы басқалар) кремациялануға (өртелуге) немесе зиратта арнайы бөлінген учаскеде көмілуге жатады. Инфекциялық аурулармен ауырған науқастардың қалдықтарын қоспағанда, мұндай медициналық қалдықтарды алдын ала залалсыздандыру талап етілмейді.
«В» сыныбының медициналық қалдықтары денсаулық сақтау нысанында физикалық немесе химиялық әдістермен міндетті залалсыздандыруға жатады. «В» сыныбының залалсыздандырылмаған медициналық қалдықтарын ұйымның аумағынан тыс жерлерге шығаруға жол берілмейді.
Химиялық әдістермен залалсыздандырудан (дезинфекциялаудан) кейін сұйық биологиялық медициналық қалдықтар су бұру жүйесіне құйылады.
ЖҚКЖК көлемнің төрттен үш бөлігінен аспайтын көлемде толтырылады. Толтыру бойынша ЖҚКЖК қақпақпен тығыз жабылады және медициналық қалдықтарды сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі, онда олар үш тәуліктен аспайды.
«Б» және «В» сыныптарының медициналық қалдықтарын бөлімшеден шығару үшін оларды түпкілікті орау кезінде бір реттік сыйымдылықтар (пакеттер, ЖҚКЖК) қалдықтарды жинауға жауапты тұлғаның бөлімшесінің атауын, күнін, тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А. Ә.) көрсетілген, «Медициналық қалдықтар. «Б» немесе «В» сыныбы» деген тиісті жазулармен таңбаланады.
«Г» сыныбындағы медициналық қалдықтарды жинауға «Г» сыныбы медициналық қалдықтары бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның Т.А.Ә. көрсетілген «Медициналық қалдықтар. «Г» сыныбы» деген тиісті жазуы бар таңбаланған сыйымдылықтарға жиналады.
Басқарма басшысы Б.Картмаганбетова