Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Әсел Қаржауова ауданның денсаулық сақтау саласының мамандарын қабылдады.
Аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы өз сөзінде Халықаралық мейірбикелер күні тек мейіргерлерге емес, жалпы медицина саласындағы барлық орта буын мамандардың еңбегін бағалайтын маңызды күн екендігін айтты.
Сондай-ақ, қиындығы мен жауапкершілігі мол салада аянбай қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі құрметке лайық екендігін атап өтіп, сала мамандарына арнайы халғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.
Марапат биігінен көрінгендердің қатарында аудандық аурухана мекемесінің
ЭКГ кабинетінің мейірбикесі Ақмарал Тәжіғұлова, баланың даму кабинетінің мейірбикесі Шархат Ахаева, жалпы бөлімше аға мейірбикесі Жанар Артықбаева, перзентхана бөлімшесінің аға акушеркасы Айша Орынбаева, №2 бастауыш мектебінің мейірбикесі Мереке Жакина, емхана қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі Андыз Төлешқалиева, дәрігерге дейінгі кабинет мейірбикесі Жанат Сейілханова, патронаж мейірбикесі Ғалия Жүнісова бар.
Ә.ҚАСЫМ
Сурет автордікі