Мектеп жанында жол белгілерін орнатуға жолданған нұсқаманы орындамаған мекемеге 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Исатай аудандық полиция бөлімінің әкімішлік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспекция тобы Тұщықұдық ауылы Атырау-Астрахань тас жолы бойында орналасқан Ж.Мырзагалиев мектебі тұсында балалар белгісін (1.21), жаяу жүргінші өткелі белгісін (5.16.1-5.16.2) және жасанды кедергі орнату үшін «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облысы филиалына 32-нұсқама жіберген болатын.

Алайда, аталған нұсқама уақытылы орындалмай, «ҚазАвтоЖол» АҚ Атырау облысы филиалына ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар Исатай аудандық сотына жолданды. Сот шешімі бойынша аталған мекемеге 1 млн 725 мың теңге көлемінде (500 айылық есептік көрсеткіш) айыппұл салынды.

 

Исатай АПБ ӘПБ Жол және техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік автоинспекторы полиция капитаны Ғабдиманапов Алтынбек Ғайнетович

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT