Мемлекет басшысы Алексей Цойдың жұмысына сын айтты

Коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысына көңілі толмайтындығын ашық айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек ұжымдарында, жекелеген жұмыс майдандарында коронавирустың бірнеше мәрте өршігенін ескере отырып, кәсіпорындардың, әсіресе жүйелі әрі қала құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларын белсенді иммундау қажет. Вакцинацияның ұзаққа созылуы – бұл абсрактілі емес проблема. Сөз елдің ұлттық қауіпсіздігі жайында болып отыр. Бұл қосымша науқастар және азаматтарымыздың өлім-жітімі. Бұл бизнестің табыстан айырылуы, бюджетке салықтың толық түспеуі, ұлттық байлықтың жалпы төмендеуі» деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте ҚР Президенті еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмысына көңілі толмайтындығын ашық айтты.

«Алексей Владимирұлы, бұған дейін сізге дәл қазіргі кезеңде Денсаулық сақтау министрлігі Үкіметтегі басты фигура екендігін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілетіңіз бар. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз. Дегенмен, одан кейін қарқынды айтарлықтай төмендетіп жібердіңіз. Сәуір бойы сіз жағдайды дұрыстауыңыз қажет. Олай болмаған жағдайда сіздің көңіліңізді қатты қалдыратын кадрлық шешім қабылданады. Бұл тек Денсаулық сақтау министріне ғана емес, сонымен бірге бүкіл Үкіметке қатысты» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика