Мемлекет басшысы шенеуніктерге ескерту жасады

ҚР Президенті биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы келе жатқанын еске салып, соған байланысты артық даңғаза мен ысырапшылдыққа даярланып отырған шенеуніктерге ескерту жасады, деп хабарлайды ATPress.kz

– Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, қолға алынған реформаларды қарқынды түрде жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру. Мемлекеттік органдардың әрбір шешімі, әрбір әрекеті экономиканы дамытуға және халықтың игілігіне арналуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT