МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨРСЕТІЛУ ТӘРТІБІН САҚТАМАУ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ

0 votes

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментімен 2024 жылдың 3 тоқсан жағдайында жалпы 17 бақылау шаралары жүргізілген.

 

Оның ішінде 9 жоспардан тыстексеріс, 8 жоспарлы тексеріс нәтижесінде жалпы саны 1057 бұзушылық анықталды.

 

Анықталған бұзушылықтардың 23%-ы немесе 251 бұзушылық мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілері болып табылады.

 

Бұл ретте, 238 факті жоспарлы тексерістен, 13 факті жоспардан тыс тексерістен анықталды.

 

Өз кезегінде, Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою және бұдан әрі болдырмау мақсатында тиісті шаралар тұрақты түрде қабылданып отырады.

 

Атап өту қажет, жыл басынан бері Департамент жұмысы нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты 28 маманның тәртіптік жауапкершілігі қарастырылған.

 

Сондай-ақ, Департаментке түсірілген жолданым негізінде, жолданымда көзделген мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзу фактілері расталып, 1 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT