Мемлекеттік қызметтің майталманы зейнетке шықты

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мемлекеттік қызметте ұзақ жыл жемісті еңбек етіп құрметті зейнетке шыққан Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстанға арнайы алғыс білдіріп, құрмет көрсетті», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Аймақ басшысы Қадыржан Бақтығалиұлының бар өмірін өңірдің гүлденуі жолына арнағанын айрықша атап өтті. ⠀

Түрлі жұмыстар жасаған еңбек жолында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып, ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінде жауапты лауазымдарда қызмет атқарып, еліміздің аграрлық әлеуетін арттыру жолында аянбай тер төккеніне де тоқталды. ⠀

«Соңғы бес жылда облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы ретінде, қай кезде болмасын кәсіби шеберлігіңіз бен іскерлігіңізді таныта отырып, әр кез берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарап, мұнайлы өлкенің басты проблемасы – экология мәселелерін шешуге зор үлесіңізді қостыңыз. Туған жерді түлетіп, орман алқаптарының артуына атсалыстыңыз. Отыз жылдан астам мемлекеттік қызметте жасаған еңбегіңіздің зейнетін көріңіз», - деген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов алдағы уақытта да қоғам өміріне атсалысып, іргелі істердің басынан табыларына сенім білдірді. ⠀

Өз кезегінде ризашылығын білдірген Қадыржан Бақтығалиұлы облыс көлемінде қоршаған ортаны қорғау бағытында жасалып жатқан маңызды жұмыстар аймақ басшысының әрқашан ерекше назарында болып, үлкен қолдау көргенін атап өтті.

«Басшымыздың, менің азды-көпті еңбегімді ескеріп, мәртебемді өсіріп, жақсы көңілмен, ақ тілекпен жол тілеуі кейінгі толқын әріптестеріме үлгі болатыны, оларды елге адал еңбек етуге жетектейтіні, ынталандырары сөзсіз!», - деген Қадыржан Арыстан мемлекеттік қызметте бірге жұмыс істеген әріптестеріне де өз алғысын білдіріп, жемісті еңбек тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521