Құрметті азаматтар!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында кез келген қажетті цифрлық және әріптік белгілермен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) еркін таңдау нормалары енгізілгені туралы білгеніңіз абзал.
2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін таңдау қызметін азаматтар арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы пайдалана алады.
Кез келген қажетті әріптік немесе цифрлық белгілері бар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің құны 10–15 АЕК аралығында болады.
Жеке баждар тек жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері үшін көзделген.


